Н.В.Гоголь атандағы Қарағанды областық әмбебап ғылыми кітаханасы

Н.В.Гоголь атандағы Қарағанды областық әмбебап ғылыми кітаханасында «Жаспен бірге» клубында мазмұнды шара өтті. Бүгінгідей өзгермели заман – жылдамдық пен бәсекенің ғасыры. Ақпарат ағыны күшейіп, технология дамыған сайын, адамзат жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. Алайда осы үдерісте ең басты тірек-адам құндылықтар. Шара барысында жастарға қай кезенде болмасын адамгершілік, сыйластық, жауапкершілік пен адалдық қоғамның негізі болып қала беретіні жайлы ерекше айтылды. Диалог алаңында SenBolNaurys жайлы кеңінен таныстырылды. Тазалық,ізгілік, жаңару. Бұл – әдепті өркениет құндылықтарымен ұндес ұғымдар.Бұл — әдепті өркениет құндылықтарымен үндес ұғымдар. Әдепті қркениет – тек технологиялық даму емес, ол – рухани кемелдену, бір-біріне құрметпен қарау, татулық пен бейбіт өмірді бағалау.